Ұландықтар ҰОС ардагерін Жаңа жылымен құттықтады

26631
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Пантелеевич Скаленкоға барып, мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында әскери қызметшілер ардагерге жеңіс пен бейбітшілікке қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Вениамин Пантелеевич соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, халық ерлігінің ұрпақтар жадында сақталуының маңыздылығын атап өтті.

"Әр күн үлкен сынақ болды, бірақ бізді бір мақсат – Отанымызды қорғау біріктірді. Бүгін жас ұрпақтың біздің ерлігімізді ұмытпағанын көріп, бойымды қуаныш кернейді. Бұл соғыс туралы естеліктің ешқашан өшпейтінін білдіреді. Жеңіс қандай қиындықпен келгенін түсініп, бұны өскелең ұрпаққа жеткізу өте маңызды. Өткенді еске алмай, болашақты құру мүмкін емес"  Вениамин Пантелеевич

Осындай кездесулер жастардың тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсінуіне, жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін ұғынуына және өз еліне деген мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу соңында ардагерге жаңа жылдық сыйлықтар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеевтің атынан алғыс хат табысталды. Бұл ардагерге деген құрмет пен қамқорлықтың символы болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -