Жаңа жылдық мерекелерде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп және қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, қызмет атқаруды жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Патрульдер елдің барлық қалаларында тұрғындардың тыныштығын қорғайды және күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Әскерлердің жеке құрамының алдында қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер тұр.
Біздің жауынгерлер әрқашан асқан жауапкершілікпен және абыроймен қызмет етеді. Мереке күндері еліміздің тұрғындары мен қонақтары отбасы мен достарының ортасында демалуды жөн көреді. Көбісі коньки тебуге, сырғанауға, қала орталықтарында көңіл көтеруге шығады. Тиісінше, жеке құрам адамдар көп жиналатын орындарда болады және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді ҚР ҰК Бас қолбасшылығының қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы полковник Бауыржан Құмаров
Құқық тәртібін тиісті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3000-ға жуық офицерлері, сержанттары мен сарбаздары, сондай-ақ 60-тан астам автотехника жұмылдырылатынын атап өткен жөн.