Жаңа жылдық мереке әскери бөлімдердің әдеттегі тәртібіне біраз ерекшеліктер енгізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Күн тәртібіне сай 22:00-де ұйқыға жататын мерзімді қызмет сарбаздарына бұл күні жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шаралар Құрлық әскерлерінің, Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде өтті.
Ақтау гарнизонында әскери теңізшілерді Бас штаб бастығы – Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Жаңа жылмен құттықтады. Ол жеке құрамға адал қызметі және Каспий теңізі акваториясының қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Теңіздегі қызмет батылдықты, табандылықты және адалдықты талап етеді. Сіздер бұл маңызды миссияны лайықты орындап, теңіздегі шекарамызды қорғап және қазақстандықтардың бейбіт өмірін қорғауда жүрсіздер. Жаңа жыл баршаңызға денсаулық, бақыт және сәттілік әкелсін. Абыройлы қызмет және қайсар рухтың беріктігін тілеймін Қанат Ниязбеков
Жауынгерлік бекетте кезекшілік атқарғандар да назардан тыс қалмады. Олар қолбасшылық атынан құттықтаулар мен естелік сыйлықтар алды.
Әскери қызметшілер Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын ерекше ықыласпен тыңдады.
Әскери бөлімдердің командирлері жаңа жылды достық қолдауды сезініп, кіршіксіз әзіл және жаңа жылдық көңілді атмосферада өткізуге тырысты. Мерекелік дастархан, Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы, байқаулар мен викториналар, көркемөнерпаздардың өнер көрсетуі – осының бәрі жаңа жылдық көңіл-күйге ерекше әр берді.
Сарбаздарға да мереке кезінде туыстарымен бейне байланыс арқылы сөйлесіп, жаңалықтарымен бөлісіп, жақындарына жүрекжарды тілектерін арнауға мүмкіндік берілді.