2024 жылы қалада ескі металл контейнерлердің орнына көлемі 3 м³ болатын заманауи пластикалық тереңдетіле көмілген түрі орнатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл контейнерлер жерді үнемдейді, жағымсыз иіс шығармайды және бұралқы ит-мысықтың кіруіне тосқауыл болады. Қазір қалада 1 454 контейнер алаңы бар, оның 287-і тереңдетіле көмілген.
Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында 8 қайталама шикізат қабылдау пункті ашылды, оның ішінде EcoSen экобекеттері мен Econetwork экохабы бар.
Қалада «құрғақ» қалдықтарды жинауға арналған 1 300-ден астам контейнер орнатылды және пластик пен алюминий банкаларын қабылдайтын 53 фандомат іске қосылды.
«Green Recycle» ЖШС қоқыс сұрыптау кешені жылына 550 мың тоннаға дейін қалдықты қайта өңдейді.
Айта кетейік, Алматы қаласы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен 100% қамтылған. Бұл қызметке 21 қоқыс тасымалдау ұйымы жауапты.