Астанадағы қауіпсіздік және қалалық инфрақұрылымды жақсарту

7524
Фотосурет: ©️Турар Казангапов/Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Астана қаласында бірқатар кездесу өткізді. Онда қауіпсіздік, қалалық инфрақұрылымды жақсарту, орталық және жергілікті билік органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сенатор мәслихат депутаттарымен және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесу барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жұмысы азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда аса маңызды. Сіздердің кәсіби біліктілігіңіз бен жанқиярлықпен атқаратын қызметтеріңіз құрметке лайық» Андрей Лукин

Сенатор қалалық инфрақұрылымды жақсарту және халықпен өзара іс-қимыл мәселелерін «Сарыарқа» және «Байқоңыр» аудандарының басшылығымен кездесуде талқылады. Жүздесуде мемлекеттік органдар мен жергілікті қоғамдастықтар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл аудандарды дамытуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Андрей Лукин 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы айта келіп, Сенат экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға бағытталған 100-ден астам заңды мақұлдағанын атап өтті. Ол биліктің барлық деңгейіндегі белсенді ынтымақтастық еліміздің одан әрі өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -