Аудит департаментін тексеру: бұзушылықтар анықталды

4158
Фотосурет: kapital.kz

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде  жүргізілген тексеру барысында қаралатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беру, бір көзден шарттар жасасуда негізсіз келісу, аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламаларды орындамау жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу бойынша 59 факт, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық белгілері бар 52 бұзушылық анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -