Прокуратура Түркістанда мердігердің құқығын қалпына келтірді

3652
Фотосурет: tengrinews.kz

2019 жылы наурыз айында «Дорстрой» ЖШС мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Түркістан қаласындағы автожолға күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында аяқталып, тапсырыс беруші нысанды қабылдап алған.

Қала әкімдігі жұмыс ақысын 3 жылға кешіктіріп төлегені үшін «Дорстрой» ЖШС әкімдіктен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы  сотқа талап арызбен жүгініп, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды негізсіз қанағаттандырудан бас тартқан.

Алайда, облыс прокуратурасы шығарылған шешіммен келіспей апелляциялық өтінішхат енгізіп, нәтижесінде мемлекеттік мекемеден кәсіпкердің пайдасына 27 млн тенге тұрақсыздық айыбы өндірілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -