Ұландықтар жоғалған ұялы телефонды иесіне қайтарды

5181
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қырағылық танытты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға Қостанай қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде орын алды. Әскери жасақ бастығы қатардағы Владимир Ославский бастаған патрульдеушілер қатардағы Рахат Күзембаев пен Вадим Голиянмен бірге өздеріне берілген патруль аумағында жүреді. Сағат 18:20 шамасында ұландықтар қала көшелерінің бірінде «VIVO» маркалы ұялы телефонды тауып алады. Сол сәтте әскери қызметкерлер ұялы телефон иесін іздеуге кіріседі. Араға 25 минут салып ұландықтар ұялы телефон иесін тауып, телефонын қайтарып береді.

Мен ұялы телефонымды көшеде серуендеп бара жатқанда жоғалтып алдым. Ал бұл туралы үйіме жақындап қалғанда бір-ақ білдім. Өзіме қымбат болған бұл телефонды бірден іздей бастағаным да Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері ұялы телефонды тауып алғанын көріп қуанып кеттім Деп атап өтті ұялы телефон иесі

Қала тұрғыны жоғалған ұялы телефонын өзіне қайтарған Ұлттық ұлан әскери қызметкерлеріне өзінің алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -