Білім беру жүйесіндегі жалған жалақы анықталды

4059
Фотосурет: freepik

Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.

Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.

Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ  олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -