2,3 тонна есірткі және 70 млрд теңге тауар: 2024 жылы мемлекеттік шекара қалай қорғалды

3795
Фотосурет: Gov

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
•  шекара кеңістігінде 55 мыңнан астам Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, соның ішінде:
324 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
383 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
•  Мемлекеттік шекара арқылы 15 041 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
451 – есірткі заттары (2 тонна 300 кг астам);
886 – қару мен оқ-дәрілер;
455 – діни әдебиет (24 087 дана);
5 283 – жалпы сомасы 160 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
6 086 – жалпы сомасы 70 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
1 880 – жалпы сомасы 19 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
•  Каспий акваториясында 390 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
196 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 536 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
1 994 дана (11 379 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
87 814 дана (98 296 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
117 дана итбалығы. Алды алынған залал сомасы 4,6 млрд теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -