Қазақстандық кәсіпорындарды технологиялық дамытуға 1,2 млрд теңге

4444
Фотосурет: freepik

2024 жылы кәсіпорындардың 1,2 миллиард теңгеге еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындары өтелді, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылдың қорытындысы бойынша «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарын өтеу бойынша 1,2 миллиард теңгеге өтінімдерді мақұлдады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.

«Кәсіпорындардың 1,2 миллиард теңгеге еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындары өтеліп отыр. Бұл шығындар технологиялық процестерді жетілдіру, өндіріс тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ жаңа технологиялық жабдықтар сатып алу сияқты шараларды қамтиды»

Бұл бағыт бойынша өтінімдер көбінесе Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Алматы облысының кәсіпорындарынан, ал салалық бөліністе-машина жасау, АӨК, жеңіл және металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарынан келіп түскен.

Сондай-ақ, өнімдер мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету (тауарлардың сәйкестігін растау, өнімдерді бағалау, инспекциялық аудит және бақылау жүргізу, сертификаттарды тіркеу және тағы басқа) бағыты бойынша 20,6 миллион теңге сомасында өтінімдер мақұлданды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша QazIndustry, байланыс телефондары арқылы кеңес берумен қатар, 70-ке жуық ашық есік күндері мен түрлі деңгейдегі ақпараттық кездесулер өткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында аймақтарда ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде орталық қызметкерлері 112 кәсіпорынға барды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -