Мәжіліс депутаты Ұлттық ұланның Павлодардағы әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімдерінде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды. Павлодар қаласында орналасқан әскери бөлімде өткен іс-шараға Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы қатысты. Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімі мерейлі күнді халық қалаулысымен қарсы алса, ал 6679 әскери бөлімінде өңірлік қолбасшылықтың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Атабек Салықбаев болды. Ол жиын барысында әскери қызметшілерге мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді.
"Мемлекет басшысы атап өткендей, «Біздің қарулы күштеріміз –мемлекетіміздің мызғымас тірегі». Сондықтан біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап, 130 ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту" Полковник Атабек Салықбаев
Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты.
Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр. заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.