Прокуратураның бақылауымен Алматының ірі тасымалдаушысы

5665
Фотосурет: DKnews

Алматы прокуратурасы автобус жүргізушілерінің бұзылған құқықтарын қорғады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түрксіб ауданының прокуратурасы қаланың ең ірі жолаушылар тасымалдаушысының 1656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген еңбек заңнамасын бұзғандығын анықтады.

Бұзушылықтар үстеме жұмыстардың шекті санының артуынан, ауысымаралық демалыс ұзақтығының қысқаруынан және жүргізушілерге демалыс күндерінің берілмеуінен орын алып келген.

Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Талдау нәтижелеріне сәйкес тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды, жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -