Ерекше адамдардың достығы туралы Фильм Калькутта фестивалінде Ең жақсы болды

11176

«Шатырдағы екеу» фильмі Үндістандағы кинофестивальде екі аталым бойынша жүлде алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шатырдағы екеу» фильмі Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Алтын арыстан» (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды.  Фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, фильмде бірден бес дебют орын алды – продюсер Әлия Шәріпбаева, сценарий авторы Жанна Тимофеева, қоюшы-суретші Елена Айтова, актриса Лидия Ярцева және режиссер Гүлшат Смағұлова.

Сонымен қатар, фильм өткен жылы Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты.

Кинокартина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

«Шатырдағы екеу» фильмінде тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық суреттеледі. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -