Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің суын есепке алуды автоматтандыру үшін техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің бассейнінде автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 учаскені анықтаған болатын. Олардың 5-і еліміздің аумағында, тағы 5 учаске Өзбекстан аумағында.
Бүгінгі таңда тараптар халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізуде. Жоба бойынша жалпы техникалық тапсырманы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) әзірлейді.
«Бүгінгі таңда автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын алғашқы 10 учаске анықталғанын атап өтеміз. Жалпы, біз барлық негізгі су бекеттерін автоматтандыруды және су есебінің толық ашықтығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені біз қырғыз және тәжік әріптестерімізбен де келіссөздер барысында белсенді түрде алға тартудамыз» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров