Қызғылт сары автобустар Балқаш көшелеріне оралды

7931
Фотосурет: Gov

Балқаш тұрғындары үшін Жаңа жыл жағымды өзгеріспен басталды. Қала көшелеріне қызғылт сары автобустар қайта шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, байқау қорытындысы бойынша қалалық маршруттардың тасымалдаушысы "Орталық Транс Сервис" ЖШС болды. Қаңтардың алғашқы күндерінен бастап компания автобустардың санын көбейтуі тиіс. Жол ақысы ONAY көлік картасы арқылы төленеді. Қазір қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орнатылуда.

Қызғылт сары автобустар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне бейімделген, кондиционерлер де бар. Сондай-ақ, көлік электронды табломен, өртке қарсы жүйемен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -