Теміртауда кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік қолдау

6523
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешов Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында болды және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Ол сондай-ақ өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен жүздесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сенатор қала жұртшылығымен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланған жуырдағы мақаласын талқылады. Онда Президент белгілеген негізгі міндеттерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты сектордың серпінді дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі және сапалы жұмыс орындарын ашу тақырыптары қозғалды.

Серік Өтешов кен байыту және қаңылтыр жасау өндірісіне арналған жабдықтар шығаратын «Инкар I» ЖШС кәсіпорнында болды. Ол несие бойынша пайыздық мөлшерді субсидиялау және кепілдік беруді қоса алғанда, осындай кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сенатор сондай-ақ «АЯН м» ЖШС сүт өнімін өндіру кәсіпорнында болып, консерванттар мен жасанды қоспа қолданбай өнімдердің емдік қасиетін сақтайтын технология қолданылатын өндіріс барысымен танысты. Кездесуге қатысушылар Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын сақтаудың, сондай-ақ АӨК өндірушілеріне преференция берумен қоса мемлекеттік қолдау шаралары туралы заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын талқылады.

Сенатор сапарды қорытындылай келіп, көтерілген мәселелер кәсіпкерлікті дамыту мен әлеуметтік саланы қолдау жөніндегі заң шығару жұмысы барысында ескерілетінін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -