8 қаңтарда қар жауады деген болжамға байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қардың қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -7°C-қа дейін төмендеп, күндіз 0°C шамасында болады.
Жүргізушілерден көліктерін жол жиегіне қоймау мен арақашықтықты сақтау сұралады, ал жаяу жүргіншілердің жолдан өтерде сақ болғаны жөн.
Қазір көшелерде 438 арнайы техника мен 968 жұмысшы жұмыс істеп жатыр. Қыс басталғалы бері 220 мың м³ қар шығарылды.