Ақтауда ұландықтар үшін жаңа оқу кезеңі басталды

6237
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінде 2025 жылдың қысқы оқу кезеңі басталды. Осы күні Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінің саптық алаңында дәстүрлі түрде митинг өткізіліп, жауынгерлік қызмет барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша практикалық сабақтар жүргізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.      

Жаңа оқу кезеңінің ашылуына ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов қатысты.

Іс-шара барысында 2022 жылы 5 қаңтарда «Қаралы қаңтар» оқиғасында қаза тапқан Ұлттық ұлан жауынгерлерін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, әскерилер боздақтардың қазасына тағзым етті.

Жаңа оқу кезеңінің алғашқы күнінде ұландықтарға мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік дайындық, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану мен кешенді күтім көрсету, сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсету, ату және дене шынықтыру дайындығы және парктік-шаруашылық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларды сақтау бойынша сабақтар өткізілді.

Айта кетейік, ендігі кезекте бүгін ашылған қысқы жаңа оқу кезеңі ағымдағы жылдың мамыр айына дейін өз жалғасын табатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -