Қарағанды облысында спорт пен инфрақұрылымды дамыту

4202
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат депутаты Сергей Ершов Ә.Молдағұлова атындағы Қарағанды облыстық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің басшылығымен, жаттықтырушыларымен және тәрбиеленушілерімен кездесуде жас спортшылардың әлеуетін арттыру ісінде заманауи жағдай жасаудың маңыздылығын талқылады. Ол оқу орнының жұмысымен танысып, болашақ чемпиондар айналысатын кабинеттер мен спорт залдарын аралап көрді, деп хабарлайды DKnews.kz. 

«Біз спортшылардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі және халықаралық аренада еліміздің атынан шығып, лайықты орын алу үшін барлық қажетті жағдайды жасауға міндеттіміз. Спорт – физикалық даму ғана емес, сонымен қатар жастардың моральдық құндылықтарын, мінезі мен рухын қалыптастырудың маңызды шарты. Жас спортшылардың  әлеуетін ашуы үшін біз оларға заманауи оқу жағдайы мен білім беру ресурсына қол жеткізуді қамтамасыз етуіміз керек», - деп атап өтті Сергей Ершов.

Сенатор Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы қағидалар мен қазіргі заманғы спорт нысандарының салынуы сәйкес келетіндігін атап өтті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ұлттың өсуі үшін жастарға арналған спорт инфрақұрылымын дамыту аса маңызды екеніне назар аударды.

Сергей Ершов сапар аясында олимпиадалық резерв мектебі үшін жаңа ғимарат салудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені ол спортшылар жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқарады және өңірлерде спорт пен инфрақұрылымды дамыту, спорт пен жастар саясатын ілгерілету арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі жалпы мемлекеттік стратегияға сәйкес келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -