Алматының спорттық болашағы: басқарманы кім басқарады?

3872
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Алматы қалалық Спорт басқармасының басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатуралары қарастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Комиссия отырысында Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Дархан Нұрханұлы, Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан Нұрланұлы және Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың кандидатуралары жан-жақты талқыланды. Комиссия мүшелері әр кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, өңір спортының даму перспективаларына қатысты көзқарасын және спорт менеджменті саласындағы біліктілігін бағалады.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -