Қазақстан туризміне инвестициялар: оң динамика байқалады

4444
Фотосурет: ©️ Руслан Пряников/ kapital.kz

2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).

Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

  • Астана қаласы – 218,2%-ға өсті;
  • Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті;
  • Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті;
  • Атырау облысы – 183%-ға өсті;
  • Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -