Облыста Ұлытау экодепартамент басшысының парасымен ұсталды

6006
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Агенттік әлеуметтік маңызға ие салаларда жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Олардың бірі – табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық талаптарды сақтау саласы.

Экологияны жақсарту азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.

Халықтың қоғамдық пікірі мен шағымдарын ескере отырып, экология мәселесі жоғары тұрған аймақтарға ерекше назар аударылады.

Бұл ретте жекелеген лауазымды адамдар, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар пара алумен және бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өзінің тікелей міндеттерін орындамаумен байланысты жемқорлық әрекеттерін жасауда.

Мәселен, жемқорлық қылмыстарын жасауда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің екі басшысы және басшысының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары және басқалары әшкереленді.

2025 жылдың 6 қаңтарында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыстық экология департаментінің басшысы ұсталды.

Шенеунік экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін кәсіпкерден 2,5 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында ол соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда, басқа адамдардың қатыстылығы тексерілуде.

Айта кету керек, 2024 жылдың 26 тамызында күдікті бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есеп беру туралы заңсыз талаптар қойған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -