Асфальтты сынау кезінде бұзушылықтар үшін 800 мың теңге айыппұл

3190
Фотосурет: freepik

Асфальтобетонды сынақтан өткізу кезінде нормаларды бұзғаны үшін Қарағанды зертханасына айыппұл салынып, аккредитация куәлігі тоқтатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қарағанды облысындағы зертхана асфальтобетон қоспасынан жасалған керн материалдарын сынау бойынша хаттамаларды аккредитациялық нормаларды бұза отырып шығарған. Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті қызметкерлері жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.

Сот шешімі бойынша зертханаға 801 164 теңге көлемінде айыппұл салынып, «Құрылыс және жол материалдары» саласында аккредитация куәлігі 6 айға тоқтатылды. Сынақ хаттамаларының күші жойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -