СО2 төмендету жоспары: Қазақстан ИКАО бастамасын қолдады

2651
Фотосурет: pixabay.com

Қазақстан қоршаған ортаға СО2 шығарындыларын азайту жөніндегі Ұлттық жоспарды қабылдап, Орталық Азиядағы ИКАО бастамасын қолдаған бірінші мемлекет болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ авиацияның жаһандық климатқа әсерін азайту жөніндегі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) бастамасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының авиациялық билік органдары авиация секторындағы көмірқышқыл газының (СО2) шығарыдыларын азайтудың ұлттық жоспарын қабылдады.

Ұлттық жоспар климаттың өзгеруімен және тұрақты дамумен байланысты өсіп келе жатқан міндеттерді ескере отырып, авиацияның қоршаған тортаға әсерін айтарлықтай төмендетуге бағытталған.

Жоспар шеңберінде энерготиімді технологияларды қолдана отырып, әуежайлардың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда, бірқатар бастамаларды енгізу, сала субъектілерін орнықты авиациялық отынға (SAF) көшіру жөніндегі келісілген шараларды әзірлеу, ИКАО-ның көміртегі шығарындыларын өтеу жөніндегі бағдаламасын қолдау жөніндегі заңнамалық түзетулер көзделген. Жоспардың қабылдануы Қазақстанның климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық келісімдерді сақтау жөніндегі міндеттемесінің бір бөлігі болып табылады.

ИКАО

Ұлттық жоспар барлық мүдделі тараптардың, сондай-ақ азаматтық авиация саласы субъектілерінің белсенді қатсуымен жүзеге асырылатын болады.

Іс-шараларды түзету және олардың тиімділігін арттыру үшін оны іске асыру нәтижелеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізілетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -