Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті

1837
Фотосурет: Gov

"Батыс"  өңірлік қолбасшылығы  әскерлері қолбасшысының кубогы үшін  өткен жарысқа Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау және Бейнеу гарнизондарынан жүзге жуық әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Чемпионат Ақтау гарнизоны теңіз жаяу әскерлері бригадасының спорт кешені базасында өтті. Спортшылар 10 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды гвардия капитаны Абдулла Өмірзақовтың басшылығымен теңіз жаяу әскерлері бригадасының құрама командасы иеленді. Команда бес алтын медаль жеңіп алды және "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының ауыспалы кубогын алды.

Өз салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен қатардағы жауынгерлер Жалғас Әліпқалиев пен Рауан Салықтың жеңіске қосқан үлесін ерекше  атап өткен жөн.

– Армиялық қоян-қолтық  ұрыс бұл жай ғана спорттық жарыс емес, жауынгерлік даярлықтың негізгі элементі, - деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі подполковник Азамат Сүлейменов. - Чемпионатқа қатысушылар тамаша нәтижелер көрсетті, олардың әрқайсысы Қорғаныс министрінің кубогы үшін өтетін сацвста біздің әскери ұжымды лайықты көрсете алатынына сенімдімін.

Командалық есепте екінші орынды 41433 (Атырау) әскери бөлімінің командасы, ал үшінші орынды 99116 (Бейнеу) әскери бөлімінің құрамасы иеленді. Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -