ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады

1892
Фотосурет: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне себепші болған күдіктіні жедел түрде қолға түсірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен. Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Күдіктіге қатысты бағдар дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге таратылады.

"Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінен мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды" әскери жасақ бастығы аға сержант Жанғазы Шайхин

Күдіктілердің бірі қашып кетпек болғанымен,  ұландықтар оны жылдам ұстап үлгерген. Тінту  кезінде күдіктілер агрессивті әрекет танытып, бұйрықтарды орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Жедел әрі кәсіби әрекет еткені үшін ұландықтар алдағы уақытта марапатқа ұсынылатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -