Абай гарнизонында депутат әскери қызметшілермен әскери саладағы заңнамалық жаңалықтарды талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Абай облысына сапары барысында мәжілісмен Нұртай Сабильянов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров және әскери қызметшілер қатысты.
Депутат Нұртай Сабильянов заң шығарушы органның әскери қызметтің беделін арттыруға, отан қорғаушылардың әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға және әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруға бағытталған жұмысы туралы айтып берді.
Депутат атап өткендей, әскери қызметшілердің бір «артықшылығы» бар – әрқашан алдыңғы қатарда болу, сондықтан мемлекет оларға қамқорлық көрсетуі керек. Нұртай Сабильянов елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және әскери қызметші мәртебесін арттыруға бағытталған заңнамалық процестің егжей-тегжейімен бөлісті.
Сөз соңында Нұртай Сабильянов кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.