Қарағанды облысында жыл бойы балалар лагері салынады

2981
Фотосурет: Gov

Биыл Нұра ауданында сауықтыру және білім беру лагері салынады.  Алғашқы үш жылда жазғы мезгілде онда 300 бала демалатын болады. Ал 2028 жылдан бастап лагерь жыл бойына жұмыс жасайды деп жоспарлануда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған лагерь жеке инвестициялар есебінен салынбақшы. Осы орайда астаналық кәсіпкерлер Нұра ауданына келіп, жобаның егжей-тегжейін талқылады. Бүгінде лагерьдің құрылысы жүргізілетін орын таңдалды.

Кәсіпкерлер тұрғын үй корпустарын,медпункт, ас блогын, ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ оқу сыныптарын салуды жоспарлап отыр.  Балалар лагерьде қолжетімді бағамен демалатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -