ҚР ҚНРДА мен AlmaU мамандардың жаңа буынын даярлау үшін бірлескен бағдарламаларды іске қосады

6391
Фотосурет: press@finreg.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және Almaty Management University (AlmaU) ынтымақтастық туралы келісім жасасты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тиісті құжатқа Агенттік Төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымов пен AlmaU ректоры Гүлнар Куренкеева қол қойды.

Тараптар қаржы, ақпараттық технологиялар және тәуекел-менеджмент салаларында білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыруға уағдаласты.

Ынтымақтастық шеңберінде ғылыми зерттеулер, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. AlmaU студенттері мен оқытушыларын қаржы реттеушісінің цифрлық өнімдерді әзірлеп, енгізу міндеттерін шешуге тартуға ерекше назар аударылатын болады.

Қазіргі уақытта Агенттік пен AlmaU бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Агенттік Төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымов оларды кейіннен практикада қолданудың жоғары әлеуетін атап өтті.

Келісімге қол қою одан әрі ынтымақтастықты нығайтып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -