Маңғыстаудан 700 жас сарбаз әскери қызметке аттанды

1738
Фотосурет: Ақтау гарнизоны

Маңғыстауда күзгі шақырылымда 700 сарбаз әскерге, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өткен жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсанына дейінгі аралықта Маңғыстау облысынан еліміздің қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдарға 700 жас сарбаз жіберілді. Олардың ішінде шамамен 300 адам Қорғаныс министрлігінің бөлімдеріне, 130-дан астамы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 260-тан астамы Ұлттық ұланға, ал 10 сарбаз Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды.

Әскерге шақырылған азаматтар медициналық тексеруден өтіп, кәсіби бағдарлау жүргізілді. Бұл олардың физикалық және кәсіби мүмкіндіктерін ескеруге мүмкіндік беріп, қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етті. Нәтижесінде, әр сарбаз өз дайындығы мен физикалық жағдайына сай міндеттерді орындайтын болады.

“Күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды, біз жоспарды толықтай орындадық. Әрбір аудан мен қала бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарады. Біздің сарбаздарымыз Отан алдындағы борышын абыроймен орындайды деп сенеміз” Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, полковник Руслан Балтеміров

Ол әскерге шақыруды ұйымдастыруға қатысқан барлық адамдарға, соның ішінде жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ сарбаздардың өздері мен олардың отбасыларына алғысын білдірді.

Күзгі әскерге шақыру барысында Мұнайлы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ерекше көзге түсті. Подполковник Бекжан Өміровтың жетекшілігімен бұл бөлім облыста бірінші орынға ие болды. 

Әскерге шақыруға ынталандырудың маңызды жаңалықтарының бірі – әскери қызметін өтеген жастардың Ұлттық бірыңғай тестілеусіз (ҰБТ) жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі. Бұл жастардың қызметтен кейін білімін жалғастыруына үлкен мүмкіндік береді

Сонымен қатар, банктер алдында қаржылық міндеттемелері бар азаматтарға бір жылға дейінгі мерзімге жеңілдік беріледі. Бұл мерзім ішінде олар Отан алдындағы борышын өтей алады, ал қарыздары кейінге шегеріледі. Мұндай шаралар азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Осылайша, 2024 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны Маңғыстау облысында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жергілікті билік пен әскери құрылымдардың жауапкершілігін тағы бір рет көрсетті

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -