Қазақстанның инклюзивті саясаттың жаңа тұжырымдамасы

1881
Фотосурет: freepik

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасында 2025 – 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын (Тұжырымдама) іске асыруға кірісті.

Құжатқа жақында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тұжырымдаманы әзірлеу халықаралық тәжірибені, БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын және жұртшылықтың ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Оған қоғам қайраткерлері мен белсенділер арасынан түрлі сарапшылар жұмысқа тартылды. Мүгедектігі бар азаматтардың мүддесін қорғайтын ҮЕҰ қатысуымен бірқатар дөңгелек үстелдер өткізіліп, репрезентативті сауалнама жүргізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұсыныстар топтастырылды.

Инклюзивті саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік ықпалдасуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді.

Негізгі тұжырымдамалық жаңалық мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік модельінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу бойынша жағдайлар жасау болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 20 орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП құзыретіне кіретін 52 іс-шараны қамтиды. Жалпы алғанда 13 бағыт бойынша жұмыс көзделеді: теңдік және кемсітпеушілік, құқықтық қорғалу және сот төрелігіне қол жеткізу, жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау, инклюзивті еңбек нарығы мен өндірістік орта, инклюзивті білім беру, қоғамдық-саяси өмірге тарту, кедергісіз орта және қызметтердің қолжетімділігі, мәдени өмір, бос уақыт пен спорт және т. б.

Тұжырымдаманы іске асыру келесілерге ықпал етеді: ұлттық заңнаманы жетілдіру; еңбек нарығының инклюзивтілік деңгейін және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру; инклюзивті білім беруді дамыту; мүгедектігі бар азаматтарды саяси және қоғамдық өмірге тарту; кедергісіз орта құру; төтенше жағдайларда жүріп тұруы шектеулі адамдар мен мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігін және қажетті көмекті қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеу және т.б.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -