Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру: банкроттықтың салдарын қалай болдырмауға болады?

1562
Фотосурет: shutterstock

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылатынын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған.

Олардың ішіндегі ең сұранысы көп – соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздары бойынша қолдануға болады.

Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай–ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

Осы мақсатта «Қолдау» жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды.

Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Өтініш беруші өтініштің статусы мен уәкілетті органның шешімін осы жүйеде көре алатындығына назар аударуды сұрайды. Сондай–ақ бас тарту себебін және ол бойынша тиісті органдар ұсынған ақпаратты көреді. Бұл болашақта оның деректерді түзету үшін, сол немесе басқа органға хабарласу үшін өте ыңғайлы.

Сонымен қатар, Qoldau жүйесінде кез келген адам нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы статистикалық деректерді көре алады.

Екінші рәсім: сот банкроттығы, азаматтар 1600 АЕК – тен астам және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады.

Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залал, сондай–ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға жатпайтынына назар аударамыз.

Үшінші рәсім, бұл сотта қарыздарды бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы – одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Заңда көзделген рәсімдерді қолданылған күннен бастап:

  • қарыздар бойынша өсімпұлдарды және сыйақыларды есептеу тоқтатылады;
  • кредиторларға борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады;
  • кредиторларға борышкердің банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға тыйым салынады және басқа да салдарлар.

Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылғы статистика:

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылы 5743 азаматтың өзін банкрот деп тануға өтінішін қабылдады, оның ішінде 548 азамат 979,9 млн.теңгеден астам қарызы бойынша берешек сомасын банкрот деп таныды.

2024 жылғы 19 маусым күні Президент «Кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, оның аясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуде. Түзетулер келесіні қарастырған:

1. Енді өтініш берген кезде азаматқа кредитормен борышты реттеу туралы құжатты қосымша ұсынудың қажеті жоқ. Барлық қаржы ұйымдары жүргізілген реттеу туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға жіберуге міндетті.

2. Азамат өтінішті толтыру кезінде кредиторлар алдындағы борыштың нақты сомасын, сондай–ақ кредитордың атауын көрсетудің қажеті жоқ деген норма мақұлданды, бұл мәліметтер кредиттік бюролар базасынан алынады.

3. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға болатын қаржы ұйымдарының тізімі кеңейтілді. Жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарымен қатар барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияларынан айырылған, не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, тарату сатысындағы ұйымдар, сондай–ақ қарыз банктік шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі, қарыз шарттарына және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттарға өзге де ұйымдар да кіретін норманы қабылдады.

4. Енді, өтеу ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем болып есептеледі (ұсақ түсімдер есепке алынбайды), сондай–ақ өтеудің болмау мерзімі, егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, коллекторлық агенттікке талапты бергенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелінетін болады.

5. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмау фактісі алынып тасталды, сондай–ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс жерге кетуіне тыйым алынып тасталды.

Аталған өзгерістерден басқа, түзетулер:

  • қаржы басқарушыларының да қызметіне қатысты. Атап айтқанда, енді уәкілетті орган оны тағайындап қана қоймай, қызметте бұзушылықтар анықталған жағдайда шеттете алатын болады.
  • қаржы басқарушысының өз сыйақысын алудағы құқықтарын қорғайтын түзетулер көзделген (банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелерінің тізбесі жаңа тармақпен толықтырылды: рәсімді жүргізген қаржы басқарушысының сыйақысы оның толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төленбеген жағдай қосылды);
  • соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін жұбайының келісімінің қажеттілігі орнатылды;
  • соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы кредиторды ескерту қажеттілігі алынып тасталды.

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударыңыз:

Сот және соттан тыс банкроттықты қолданатындар:

  • банктерден және микроқаржы ұйымдарынан бес жыл бойы несие ала алмайды (ломбардтардан шағын несие алудан басқа);
  • жеті жылдан кейін ғана банкроттық туралы қайта өтініш беру;
  • олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жылдан кейін тексеріледі.

Банкроттықтың салдары бар екенін әркім түсінуі керек!

Төлем қабілеттілігі қалпына келтірілгенде мұндай салдарлар болмайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -