2024 жылы ҚР ПІБ Президенттік орталығының музейіне 100 мыңнан астам адам келіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3800-ден астам экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Олардың ішінде жалпы саны 52 мың келушіні қамтитын 3500 шолу экскурсиясы және 4500 қатысушыны қамтыған тарих пен мәдениеттің жекелеген аспектілерін таныстыруға бағытталған 297 тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл нәтиже жұмысты ұйымдастырудағы жүйелі көзқарастың, инновациялық форматтарды енгізудің және аудиториямен белсенді әрекеттесудің арқасында мүмкін болды.
Музей Қазақстан тұрғындарының ғана емес, шетелдік қонақтардың да назарын аударды. Өткен жылы музейге 40-тан астам елден 8 мыңнан астам адам келді. Келушілердің басым бөлігі Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері, Польша, Германия және Франциядан келген туристер. Бұл халықаралық қоғамдастықтың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, сондай-ақ музейді әлемдік аренада танымал ету бойынша жұмыстың көрсеткіші.
2024 жылғы жұмыстың маңызды бөлігі келушілер арасында әлеуметтанулық сауалнаманы енгізу болды. Бұл қалаулар, қызығушылықтар және музей қызметіне қанағаттану деңгейі туралы деректерді жинауға мүмкіндік берді.
Сауалнама деректері қонақтардың 62,8% алғаш рет музейге келгенін көрсетті. 99,6% қызмет көрсету деңгейіне қанағаттанатынын білдірді. Респонденттердің көпшілігі экскурсоводтармен топтық экскурсияларды (54,5%) таңдады, бұл аудиториямен тікелей қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді.
Келушілердің басым бөлігін мектеп оқушылары мен 25 жасқа дейінгі жастар (71,7%) құрады. Жастар аудиториясының жоғары үлесі еліміздің оқу мекемелерінің жемісті ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Бірлескен жұмыс мектеп пен колледж студенттеріне музейге келуді ұйымдастыру, сондай-ақ олардың академиялық бағдарламалары мен демалыс кезеңдерін ескере отырып, экскурсия кестелерін әзірлеуді қамтыды.
Аталған социологиялық сауалнама музей аудиториясын талдаудың және қызмет көрсету сапасын арттырудың құнды құралына айналды. Бұл зерттеулер қызмет көрсету сапасын арттыруға және жаңа бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге негіз болды.
Сондай жобалардың бірі Наурыз мейрамы қарсаңында ұсынылған – «Наурыз. Таңым. Тарих». Экскурсиялық бағдарламада көктемгі жаңару дәстүрлері туралы әңгіме ғана емес, интерактивті элементтер арқылы мерекенің символизмі мен философиясын түсінуге, келушілерге белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Бұл олардың тәжірибесін жарқын және есте қаларлықтай етті. Аталмыш формат жастар мен балалы отбасыларды қоса алғанда көпшілікке танымал болды және интерактивті бағдарламаларды одан әрі дамытудың жоғары әлеуетін көрсетті.
Маңызды тарихи даталар шеңберінде ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және әлеуметтік интеграцияны қолдауға бағытталған көшпелі музей жобалары іске асырылды.
Өткен жылдың мамыр айында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Ақмола облысының Тайтөбе ауылында ұйымдастырылған «Аталар дәстүріне адалдық» көшпелі мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба аясында тақырыптық экскурсиялар, тұсаукесерлер мен көрмелер өткізіліп, мектеп оқушыларын ұлттық батырлардың жеке ерліктері арқылы еліміздің тарихымен таныстырды.
Тағы бір көрнекті көшпелі іс-шара «Ізгілікке қадам» инклюзивті жобасы болды, ол 2024 жылдың қазан айында Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған болатын. Мұнда әлем халықтарының музыкалық аспаптары тақырыбына экскурсиялар өткізілді, бұл мәдени алмасуға септігін тигізді, сондай-ақ табиғатты қорғау және әлеуметтік интеграция идеяларын біріктірген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.
Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және заманауи жетістіктеріне арналған «Тақырыптық және шолу экскурсиялар марафоны» жылдың табысты оқиғаларының бірі болды. Марафон аясында «Ұлықтау – ғасырлық дәстүр сабақтастығы», «Ел аңсаған азаттық», «Қазақстанның климаттық күн тәртібі», «Қазақстанның көп векторлы дипломатиясы: тарихы, тұлғалар, дәстүрлері мен нышандары», «Қазақ боксшыларының жеңісі: бастауынан қазіргі заманға дейін», «Қазақ елінің астаналары» тақырыптарында еліміздің қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсететін экскурсиялар өткізілді. Бұл іс-шаралар келушілерге елдің тарихи мұрасын, қазіргі саясаты мен мәдени байлығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Өткен жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауындағы жұмысшы мамандықтар жылы тақырыбы аясында іске қосылған кәсіби бағдарлау экскурсияларына ерекше назар аударылды. «Музейдегі технология: ішкі көрініс» атты жаңа экскурсиялық бағдарлама 340-тан астам мектеп оқушылары мен студенттері үшін мультимедиялық құрылғылар инженерлері, IT мамандары, интерактивті экспозиция дизайнерлері, контент әзірлеушілер және музейге қатысты сұранысқа ие мамандықтармен танысудың бірегей мүмкіндігі болды. Экскурсиялар музейде қолданылатын заманауи технологияларды көрсетіп қана қоймай, техникалық және инженерлік мамандықтардың маңыздылығының артуы жағдайында жастарды кәсіби жолды таңдауға шабыттандырады.
Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында ҚР Президенттік орталығы мемлекеттік қызметкерлерді, туризм индустриясы мен университеттердің сарапшыларын, сондай-ақ қоғам қайраткерлерін біріктіріп, экологиялық таза және мәдени бағдарлы туризмнің дамыту мәселелері талқыланған «Қазақстандағы тұрақты туризм» атты fishbowl пікірталасын алаңын сәтті ұйымдастырды.
Жалпы, 2024 жыл креативтілік, даму және елеулі жетістіктер жылы болды. ҚР Президенттік орталығы қазіргі заманғы тәсілдер мен форматтарды пайдалана отырып, мәдени мұраны дамытуды және Қазақстан тарихын дәріптеуді жалғастыруда, осылайша келушілерді жаңалықтар мен жетістіктерге шабыттандыратын білім ошағы болып қала бермек.