Желтоқсандық серпіліс: Қазақстандағы инфляция кейбір өңірлерде рекордтық көрсеткішке жетті

2244
Фотосурет: Коллаж: Kursiv.media

Желтоқсанда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,6% болды (қарашада – 8,4%), деп хабарлайды DKnews.kz.

Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, 9 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалды.      

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.

Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ға дейін жеделдеді (қарашада – 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасында максималды өсім Жетісу облысында (7,9%), минималды өсім Түркістан облысында (3,0%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,3%-ға дейін үдеді (қарашада – 8,0%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,3%) тіркелді.

Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,3% болып бұрынғы деңгейде сақталды (қарашада – 13,3%). Сонымен қатар баға Астана қаласында (16,9%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.

Желтоқсанда ел төңірегінде айлық инфляция 0,9%-ға өсті, бұл – бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы желтоқсанда – 0,7%).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -