Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кез келген жағдайда көмекке келуге дайын екендіктерін тағы да дәлелдеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Патрульдеу кезінде ұландықтар есінен танған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Оқиға Ақтөбе қаласының халық көп шоғырланған аудандарының бірінде орын алды. Сағат 23:30 патрульдеу бағытында Әбілқайыр хан көшесіндегі автопатрульде банк ғимаратының маңында белгісіз бір адам жолдың жүру бөлігіне шығып, әскери қызметшілерге тротуарда қыздың ес-түссіз жатқанын хабарлаған. Мұны естіген әскери жасақ кезекшісі дереу оқиға орнына жетті.
Анықтау барысында қыздың есінен танғаны белгілі болды. Куәгердің айтуынша, жедел жәрдем бес минут бұрын шақырылғанымен, бірақ ол әлі оқиға орнына келмеген.. Уақытын жоғалтпай, әскери жасақ кезекшісі майор Дмитрий Муравицкий зардап шегушіні жақын маңдағы ауруханаға өзі жеткізу туралы шешім қабылдады.
Әскери қызметшінің жедел әрекеттерінің арқасында қыз тез арада Ақтөбе қаласының көпсалалы облыстық ауруханасына жеткізіліп, кезекші дәрігерге табысталды. Тексеруден кейін дәрігер қызда жүрек талмасы болғанын анықтады. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық.
Біздің әрқайсымыз қиын жағдайда көмекке келуге дайын болуымыз керек. Бұл ерекше батырлықты қажет етпейді, тек адами жауапкершілікті қажет етеді Майор Дмитрий Муравицкий
Ұлттық ұлан жауынгерлері қауіпсіздікті қадағалап қана қоймай, өзінің сенімділігі мен кәсібилігін дәлелдей отырып, әрқашан қиын жағдайларда азаматтарға қол ұшын созады.