Жаңа жылдық мерекелер де бітті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Freedom Ticketon компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Анна Воронина Қазақстандағы ойын-сауық саласы үшін бұл кезең қандай болды, сондай-ақ көрермендерге қандай оқиғалар көбірек ұнағаны жөнінде сөз қозғады.
Сарапшының мәліметінше, желтоқсан мен қаңтар айының басы қазақстандық және гастрольдік труппалардың "Щелкунчик" балетінің қойылымдарымен есте қалды. Іс-шаралар Алматы мен Астанада өтті. "Балет негізінен ересек жастағы көрермендерді, сондай-ақ атаулы өнер түрін бағалаушыларды қызықтыратынына қарамастан, билеттер белсенді түрде сатылды" Анна Воронина
Балаларға арналған іс-шаралар туралы айтатын болсақ, осы кезеңде Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өткен «Minecraft» шоуы жоғары сұранысқа ие болды. Алматыдағы Республика сарайында бірнеше сеанспен өткен «Фиксики» балалар шоуы да жас көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақстандық көрермендер мәнерлеп сырғанаушылардың мұз айдынындағы көп жанрлық қойылымдарын бұрыннан жақсы көріп, белсенді түрде тамашалайтын. Биылғы мерекелік маусымда көрермендер Қазақстанның бірнеше қалаларында «Евгений Плющенконың ертегілері», «Мұздағы Никулин циркі», «Кішкентай ханзада» сияқты мұз шоуларын тамашалады. «Мұздағы Никулин циркі» өнер көрсетушілердің жоғары шеберлігімен, шоу әртістерінің жарқын киімдерімен, сондай-ақ әлемнің 30-ға жуық елінде танылуымен ерекшеленеді.
Қазақстандық көрермендер фантастикалық қойылымдардан да құр қалған жоқ. Желтоқсан бойы алматылық көрермендерді белсенді түрде шақырған ағайынды Сафроновтардың «Magic Man» шоуы 4 қаңтарда аншлагпен өтті. «Қоғам мұндай оқиғаларды ғажайыппен, сиқырмен байланыстырады, әрбір адам оған жүрек түкпірінде аз да болса сенеді. Қойылымдар көрермендердің қиялымен ойнап, ересектерге де, балаларға да ертегіге сенуге көмектеседі, әсіресе жаңа жылдық мерекелерде» Дейді сарапшы
Мереке қарбаластығына қарамастан, желтоқсандағы оқиғаларға сұраныс қарашаға қарағанда төмен болды. «Бұл тенденция барлығының жаңа жылдық қарбаласқа түсіп, үйлерінде мерекеге дайындалып, уақыттарын жаңа жылдық дастарханға, жақындары мен қонақтарына арналған сыйлықтарға жұмсауын жоспарлағандықтан байқалған шығар» Деп түсіндірді маман
«Фильмдердің көрсетіліміне сұраныс та біршама бәсең болды, өйткені бұл кезеңде фильмдердің көп күтілген, жоғары деңгейдегі премьералары болмады. Мәселен, өткен жылы қазақстандық «Таптым-ау сені» ромкомы осындай фильм болған еді, біз бұл фильмнің көрсетіліміне 2023 жылдың желтоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың қаңтарында сұраныс артқанын байқаған болатынбыз» Анна Воронина
Freedom Ticketon мәліметтері бойынша, мерекелік кезеңдегі ең көп келушілері болған іс-шара 17 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында өткен "Қар ханшайымы" цирк шоуы болды. Шоуға «Цирк Никулина на Цветном бульваре» Мәскеу циркінің әртістері мен жануарлары, Алматы циркінің үздік әртістері және Күлкі сақтаушы клоун рөліндегі испан әртісі қатысты.