Талдықорғанда ҚР ІІМ Ұлттық ұлан батырына арналған «Ерлік сыныбы» ашылды

2992
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Талдықорған қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан батыры ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері қатардағы Айбат Амановқа арналған «Ерлік сыныбының» ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған шараға батырдың жақындары,  5514 әскери бөлімнің басшылығы мен жеке құрамы, мектеп оқушылары, қала әкімдігінің, құқық қорғаушы органдарының және Қарулы күштер өкілдері мен ардагерлері қатысты.

Отаны үшін ерлікпен жанын қиған Айбаттай батыр ұлымыздың құрметіне  алғашқы сөзді Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы сөйледі . Қала басшысы ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Ұлттық ұлан әскерінің орны және Айбат Амановтың ерлігі туралы айтып өтті. Одан кейін сөз кезегі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевке  берілді.

- Ұлтық ұлан батыры Айбат Амановтың ерлігі ұмытылмайды. Мектепте ұландық батырдың есіміне сыныптың берілуі оқушылардың батыр, патриот болып өсулеріне өз септігін тигізетініне кәміл сенемін, - деді «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшылығының бас тәрбиешісі.

Қатардағы  Айбат Ерболұлының анасы Гүлназ Әлкенқызы ұлы туралы өз естеліктерімен бөлісті.Одан соң «Ерлік сыныбының» лентасын Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы мен полковник  Ниязтай Болатұлын және Айбат батырымыздың әпкесі Инабат Ерболқызы қиды.

-Айбат екеуміз қатар өстік. Ол әскерге барып, кейін Астанада әскери қызметті жалғастыруды армандады. Енді мен оның арманын орындап, Астанаға әскери қызметке орналастым. Осындай шараға қолдау көрсеткен Ұлттық ұлан басшылығына, қала әкімдігі мен мектеп директоры Айжан Жұмаділоваға алғысымды білдіремін, - деді әпкесі Инабат Аманова.

Ділнәз Сағатбекқызы мен Айша Талғатқызы атты оқушылар сөз сөйлеп, Айбат Амановқа арналған өлеңдерін оқыды.

Полковник Ниязтай Әлкешев  арнайы «Жас бүркіт» сыныбының символикасы бейнеленген шеврондар мен Ұлттық ұланның формасын және «Бүркіт» журналын  табыстады.

«Ерлік сыныбының»  ашылу салтанаты аяқталған соң, шақырылған қонақтар мектептің 1 қабатында орналасқан «Акт залына» түсті. Онда  «Ерлік сыныбының" ашылуына атсалысқан бірқатар лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың құқығымен марапатталды. Әкімдік тарапынан Айбат Амановтың анасы Гүлназ Әлкенқызына да естелік сыйлықтар табысталды.

Шара соңы  Талдықорған қаласы Ш.Уалиханов атындағы №10 мектеп гимназия оқушылары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -