1738
Фотосурет: QazAvtoJol

18 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстанда және Абай облысында негізгі автожолдар ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 18 қаңтарда сағат 05:00-де Шығыс Қазақстан облысы бойынша келесі  автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылады:

  • - "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай -Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) ;
  • - "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1125-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде (Предгорное ауылының бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін).

2025 жылғы 18 қаңтарда сағат 06:30-де Абай облысы бойынша келесі  автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылады:

  • "ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан айналма жолы - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы" автожолының 1004-1087 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көкпекті ауылынан Боғас ауылының бұрылысына дейін);
  • "ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан айналма жолы - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы" автожолының 910-1002 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін);
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -