18-19 қаңтардағы ауа райы қауіптері: сіздің өңіріңізде не күтілуде?

1397
Фотосурет: DKnews

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 18-19 қаңтарында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер, деп хабарлайды DKnews.kz.

18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Өскемен қ.: 18 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі. 

18 қаңтарда түнде Абай облысында бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Семей қ.: 18 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі. 

18 қаңтарда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында                         күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 18 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі

Түркістан қ.: 18 қаңтарда түнде тұман күтіледі.

18-19 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 18-19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 18-19 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. 18 қаңтарда тәулік бойы,                             19 қаңтарда түнде және таңертен көктайғақ күтіледі.

18 қаңтарда Алматы облысының солтүстік-батысында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

18 қантарда күндіз Жетісу облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

18 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды қ.: 18 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

18 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

18 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда қ.: 18 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

18 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 18 қаңтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.  Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с күтіледі.

18 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау қ.: 18 қаңтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

18 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысынында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 18 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

18 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

 18 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман  күтіледі.Қостанай қ.: 18 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

18 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

18 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар қ: 18 қантарда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -