ШҚО мен Абай облысындағы маңызды жол учаскелері қозғалысқа ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 18 қаңтарда сағат 09:00-де келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылады:
- Шығыс Қазақстан облысы "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысы);
- Абай облысы "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.