Жеті миллион теңгенің героинімен есірткі сатушы ұсталды

2464
Фотосурет: Gov

Енбекшіқазақ ауданының тұрғынынан аса ірі көлемде героин тәркіленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында полицейлер есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысқан деп күдіктелген 52 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті тұрғылықты мекен-жайында ұсталды.

"Тінту барысында күдіктіден «Тропикамид» препараты табылып, үй ауласындағы қора-жайдан ақ түсті ұнтақ зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі тәркіленген зат 156 грамм «героин» екенін растады" ҚР ІІМ

Сонымен қатар, медициналық тексеру күдіктінің ұстау кезінде есірткі әсерінде болғанын анықтады.

Есірткі сатуға арналғаны анықталды, бұл шамамен 350-ден астам бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны жеті миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -