Ұландықтар жоғалған екі телефонды тапты

3685
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Бірінші оқиға Есіл ауданында көше тыныштығын қадағалау қызметін атқару кезінде болды. Сағат 21:30 шамасында елордалық құраманың әскери жасағы Достық көшесіндегі патрульдеу бағытында «IPHONE 12 PRO» маркалы телефон тауып алады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери жасақ бастығы Әділбек Жалғасов пен қатардағы жауынгерлер Владимир Чупраков және Әсет Қанатқалиев бұл туралы патрульдік топ бастығына хабарлап, тез арада иесін іздестіре бастайды. Бірнеше минуттың ішінде ұландықтар телефон иесін анықтап, оқиға орнына келген азаматқа смартфонын қайтарып берді.

- Біз күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне кірісеміз. Көбіне патрульдеу бағыттарында жоғалған бағалы заттарды тауып, иелерін қайтарамыз. Тұрғындар бізге қырағылық үшін алғыс айтады. Біз кез келген жағдайда көмекке келуге дайынбыз, - дейді қатардағы жауынгер Әсет Қанатқалиев.

Сондай-ақ, сағат 22:00-де Есіл ауданында ұландықтардан құралған әскери жасақ «Samsung a55» маркалы телефонды тапты. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Айдын Қадырұлы патрульдеуші қатардағы жауынгер Михаил Махненко және Қайырбек Шарифпен бірге патрульдік топтың бастығы Ернар Байғөбековке осы оқиға бойынша баяндап, иесін іздестіруді бастады. 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өздерінің қырағылығын көрсете отырып, иесін тауып, телефонын қайтарып берді.

Ұландықтар екі жағдайға да жедел әрекет етіп, жоғалған телефондарын иелеріне қайтарып берді. Әскери қызметшілер үйлесімді іс-әрекеті арқылы қызметтік міндеттерін орындап, қамқорлығы мен жауапкершілігін тағы да растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -