Қанат Шарлапаев қала құрылысы саласындағы «Think tank» форматында сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың «Think tank» форматында қала құрылысы саласындағы сарапшылар қауымдастығымен кездесуі өтті.
«Алматыгенплан» ҒЗИ» ЖШС бас директоры Асхат Садуов, Almaty Management University Президенті Асылбек Қожахметов, AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева, «Болашақ қалалары» Ғылыми-білім беру орталығының академиялық директоры Сергей Мурунов баяндама жасады.
С.Мурунов аумақтық-кеңістіктік жоспарлауды дамытудың және тиімді басқарудың негізгі құралы ретінде айтты. Сонымен қатар, ол орталықтың «Қазақстан үшін жеделдетілген технологиялық әртараптандыру және жаңа индустриялық саясат стратегиясын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жобасын таныстырды.
А. Садуов қалаларды жоспарлау теориясына тоқталды. Ол қала құрылысы тұжырымдамаларын әзірлеуде әлемдік тәжірибені пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Г. Куренкееваның баяндамасы жаңа өнеркәсіптік саясат, аумақтар мен өңірлерді дамыту тұжырымдамасы тақырыбына арналды.
Кездесу барысында аумақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін қала құрылысының үздік әлемдік тәжірибесін қолдану тәсілдері талқыланды. Сондай-ақ, қала құрылысының басымдықтары, аумақтық және өнеркәсіптік саясатпен үйлесімді аймақтық даму тұжырымдамасы да талқыланды.
«Think tank» форматында сарапшылар қауымдастығымен кездесу Қазақстанның тұрақты дамуы мен инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс саласының өзекті мәселелерін шешуге ықпал етудегі маңызды қадам болып табылады.
Think tank – қала құрылысы саласын реформалау мақсатында сарапшылардан кері байланыс жинау әдісі. Жаңа біртұтас қала құрылысы саясатын қалыптастыру үшін осындай кездесулер сериясын өткізу жоспарлануда.