Жамбыл облысында жаңа амбулатория ашылды

2079
Фотосурет: Gov

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Р.Сабденов ауылында Ақбұлақ дәрігерлік-амбулаториясы ашылып, ауыл тұрғындарының қолданысына берілді, деп хабарлайды DKnews.kz.  

Бұл - Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші медициналық нысан.

Ауылдықтарға медициналық қызмет көрсететін нысанда халыққа дәрігердің қабылдауы, ем-шара қабылдау, акушердің тарапынан пациент қабылдау, массаж, түрлі медициналық талдамалар жасау сынды көмек түрлері көрсетіледі.

Мұнда тіркелген тұрғындардың жалпы саны - 2237 адам. 14 қызметкер жұмыс жасайтын емдеу мекемесі алғашқы және амбулаторлы ем көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтармен қажетінше жабдықталған.

Атап айтқанда, жүрек соғысын тексеру құрылғысы, электрондық аквадистиллятор, волюметриялық инфузиялық сорғы, хирургиялық электрлік сорғы, ультрадыбыстық терапияға арналған бір арналы құрылғы, сенсорлық экраны бар қос арналы магнитотерапия аппараты, ингалятор, мультифункционалды физиотерапиялық аппарат, оптикалық кольпоскоп және т.б. бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -