Қазақстанда пошта қызметтерін дамыту

1804
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасованың қатысуымен отырыс өткізді. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылау күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды DKnews.kz.  

Отырыс барысында заңның мақсаты – пошта байланысын дамыту, жеткізуді оңайлату, поштаны орналастыру және поштаға жауапты органдардың жұмысын жақсарту екендігі атап өтілді. Отырысқа қатысушылар «Қазпошта» АҚ қызметін егжей-тегжейлі талқылай келіп, пошта, логистика, қаржы саласы мен әлеуметтік қызмет көрсету, ауылдық жерлердегі мемлекеттік қызметтерді дамыту және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелеріне назар аударды. Ауылдық елді мекендерді пошта және қаржы инфрақұрылымымен қамтамасыз ету, пошта бөлімшелерін сақтау және пошта қызметкерлерінің жалақы деңгейін арттыру тақырыбы да қозғалды.

Сенат комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев шалғай өңірлерде бірқатар қызмет түрлері ғана ұсынылатын пошта бөлімшелерінің әлеуметтік рөліне тоқталды.

Қатысушылар кездесу барысында «Қазпоштаны» тұрақты дамыту жөнінде ұсыныстар айтты және саланы нығайту үшін инвестиция тарту қажеттігі туралы ойларын ортаға салды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -