Қарағандыда «Сарыарқа» АЭА-на дейін жүретін қоғамдық көлік мәселесі шешілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысқа баруына ыңғайлы болуы үшін қажет. Қосымша бағыт келесі аптадан бастап іске қосылады.
«20 қаңтардан бастап «14 шағын аудан – Сарыарқа АЭА» бағыты бойынша қосымша маршрут қозғалысы басталады. «АЭА 71 бағыты» белгісі бар автобус тек жұмыс күндері ғана 16 рейс орындайды және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы мен Тау Кен Темір аялдамасында аялдайды», – делінген Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарламасында.
Жолаушылардан жаңа бағытты «Қарағанды – Көкпекті» бағыты бойынша жүретін № 71 маршрутпен шатастырмауды өтінеді.