Қазақстан мен Израиль парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда

1936
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманмен кездесті. Жүздесу аясында Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды және парламентаралық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды, деп хабарлайды DKnews.kz.  

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сенатор Қазақстан мен Израиль арасындағы екіжақты қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айта келіп, маңызына жан-жақты тоқталды. Әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету тақырыбы қозғалды. Тараптар заң шығару мәселесін де талқылады.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Парламентаралық іс-қимылдан басқа, сауда-экономика, инвестиция және технология салаларындағы өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы  сөз болды. Тараптар кездесу соңында екіжақты қатынастарды қарқынды дамыту ісіне ризашылықтарын білдірді және екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -