19 қаңтар - әскери тәрбиешілер күні

2112
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Осыдан тура 32 жыл бұрын, 1993 жыл 19-қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен қазақ әскерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл шешім елдің әскери жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болды. Осылайша, тәрбиеші офицерлердің қызметі ресми деңгейде бекітіліп, оларға қойылатын талаптар мен міндеттер нақты айқындалды.

Бүгінде әскер қатарында әскери тәртіппен рухтың беріктігі тек қарудың күшімен емес, жеке құрамның моралдық-психологиялық жаңдайына да байланысты. Осы тұста Қазақстан Республикасының Қарулы күштері  және Ұлттық ұлан әскер қатарында қызмет атқарып жүрген тәрбиеші офицерлердің жұмысы ерекше маңызға ие. Ол офицерлер жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп қана қоймай,    мемлекет пен қоғам алдындағы әскери борышын адал және жоғары деңгейде атқару үшін иделогиялық, тәрбиелік, әлеуметтік бағытта маңызды міндеттерді жүзеге асырады.

Әскердегі тәрбиеші офицерлердің негізгі міндеті – әскери бөлімдердегі жеке құрамның моралдық психологиялық ақуалын нығайту, әскери тәртіп пен мәдениетті қалыптастыру, әскери қызметшілерге Отанға адал қызмет ету маңыздылығын түсіндіріп,  ұлттық құндылықтарды  дәріптеу.

Тәрбиеші офицерлер – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ажырамас бөлігі. Олардың еңбегі тек жауынгерлердің әскери дайындығына ғана емес, сонымен қатар оларды адамгершілікке патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.

Мереке қарсаңында барлық Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің  және Ұлттық ұлан әскерінің әскери тәрбиешілерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ел үшін атқарып жүрген қызметтеріне табыс тілейміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -