«Халық қатысатын бюджет»: алматылықтар жобаны белсенді қолдайды

3883
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыда қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша тұрғындардың идеясын енгізуге мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы іске асырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz. 

2025 жылы жобаларға 17,1 млрд теңге бөлінді. Үш жылда қалада 39,1 млрд теңгеге 938 жоба жүзеге асырылды.

Бағдарлама қала тұрғындарының ұсынысын ескере отырып, жайлы қоғамдық кеңістік құруға көмектеседі. Мысалы:

  • Алатау ауданында бос жатқан жер скверге айналып, тротуарлар, орындықтар мен демалыс аймақтары пайда болды.
  • Наурызбай ауданында «Шұғыла» тұрғын үй кешенінің аумағы өзгеріп, балалар және воркаут алаңдары бар «Арбат» құрылды.
  • Әуезов ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктер көріктендіріліп, ағаш отырғызылып, жарықтандыру жүйелері орнатылды.

Жобаға тұрғындар белсенді атсалысып, шаһарды жайлы әрі тартымды етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -